KazNARU

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ РӘСІМІ АЯҚТАЛДЫ

✅ 2024 жылдың 3-і мен 5-ші сәуір аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде IAAR Тәеулсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің сыртқы сараптау комиссиясының қатысуымен халықаралық институционалдық аккредиттеу рәсімі өткізілді.

✅ Жұмыс барысында IAAR сараптау тобының мүшелерінің ҚазҰАЗУ басшылығымен, құрылымдық бөлім басшыларымен, факультет декандарымен, білім беру бағдарламаларының жетекшілерімен, профессор-оқытушылар құрамымен және білім алушыларымен кездесулері болып өтті.

✅ Сараптау комиссиясының қатысумен аудиторияларды, зертханалар мен практика базаларын тікелей көзбен көріп тексеру жүргізілді, университет құжаттары зерделенді.

✅ Халықаралық институционалдық аккредиттеу нәтижелерін IAAR Тәеулсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің Аккредитациялау Кеңесі таяу арада жариялайтын болады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник