KazNARU

KazNARU СТУДЕНТІ КРИСТИНА ШУЛЬГА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Университеттер арасындағы «Ұлы дала тілі – мәңгілік ел тұғыры» атты республикалық зияткерлік-танымдық олимпиаданы  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің А.Байтұрсынұлы атындағы «Қазақ тіл білімі» кафедрасы ұйымдастырды.

✅  Осы олимпиадаға Қазақ  ұлттық аграрлық зерттеу университетінің  «Ветеринария» факультеті орыс бөлімінің 1-ші курс студенті Кристина  Шульга қатысып, жұлдызы жанып ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. 

✅  Жетекшісі – KazNARU «Жалпы білім беру кафедрасының» аға оқытушысы, филология ғылымының кандидаты,  қазақ тілі пәнінің ұстазы Оспанова Баянды Рамазанқызы.

✅  Кристина  Шульга өз құрбыластарының арасында үздік оқып, белсенділігімен көзге түсіп жүрген болашақ жас маман. Университет абыройын асқақтатқан студентті алғашқы үлкен жеңісімен құттықтаймыз және алдағы уақытта алар асуың биіктей берсін деп тілейміз!

✅ Кристина өзінің ветеринар мамандығын таңдағанын мақтан тұтады және биыл мектеп бітіруші түлектерді еліміздегі аграрлық саладағы жетекші оқу ордасы саналатын KazNARU факультеттерінде білім алуға шақырады.

✅  Ия, болашақта шет елдік озық университеттерде қатар оқып, екі дипломға ие болғылары келетін талапкерлерге университет есігі айқара ашық.

Аграрлық мамандықтар жастарды зор табыстар мен жетістіктерге бастайды! 
#казнару #универ  #kaznaru #вузыалматы #рек #almaty #тренд2024 #мектеп #алматы #түлек #школа #студент #бірүйдіңбаласындай
 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник