МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ЖАС ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Ұлттық ғылым академиясының таяуда ғана күрделі жөндеуден өткен «Ғылым ордасы» ғимаратын аралап көріп, ғылыми қауымдастықпен кездесті.
Академик Қаныш Сәтбаев негізін қалаған қазақ ғылымының жаңғырған қара шаңырағында жас ғалымдармен кездесті.
Мемлекет басшысы өз сөзінде шикізатқа арқа сүйеп отырған ел алысқа бармайтынына назар аударып, бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет екенін айта отырып, елімізде ғылым мен жоғары білім салаларын дамыту үшін қабылданып жатқан кешенді шараларды атап өтті.
Шара соңында Президент жас ғалымдарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету – мемлекеттің міндеті екенін атап өтіп, ғылымның түрлі саласында еселі еңбек етіп жүрген он азаматқа салтанатты түрде пәтер сертификаттарын табыстады.