Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университеті халықаралық аккредитациядан сәтті өтті
2024 жылғы 31 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің халықаралық институционалдық аккредитациясы аясында Сыртқы сараптау комиссиясының материалдарын қарау бойынша IAAR Аккредиттеу кеңесінің отырысы өтті.
Сыртқы бағалау нәтижелері бойынша IAAR Аккредиттеу кеңесі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті 5 жыл мерзімге халықаралық аккредиттеуден өту барысындағы қажетті талаптарға сай келеді деп шешім қабылдады.
Университет ұжымын халықаралық аккредитациядан сәтті өтуімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жемісті қызмет, сәттіліктер тілейміз!
KazNARU Баспасөз қызметі