KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ МАЛАЙЗИЯНЫҢ ПАХАНГ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДИПЛОМЫН АЛДЫ

✅ Жоғары оқу орындары арасындағы студенттер алмасуы 2022 жылғы KazNARU мен Паханг университеттерінің (UMPSA) «Биотехнология» БББ бойынша бірлесе қабылдаған екі дипломдық бағдарлама негізінде жүзеге асырыла бастады.

✅ Өткен жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіндегі «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында білім алушы 4-ші курс студенттері Жания Серікова мен Данил Акшимбаев Малайзияның Куантан қаласында орналасқан Аль-Сұлтан Абдулла Паханг университетіне бір жылдық оқуға аттанған болатын.

✅ Паханг университеті (UMPSA) Малайзиядағы 19 мемлекеттік университеттердің тізіміне кіретін инженерлік, технологиялық бағдарламалар мен зерттеулердің жетекші провайдері болып табылады. Университеттің Пекан, Гамбанг аталатын екі кампусы және 7 факультеті бар.

Онда механикалық инженерия, жер ресурстары, химиялық және табиғи ресурстар инженериясы, өнеркәсіптік ғылымдар мен технологиялар, компьютерлік жүйелер және технологиялық менеджмент сияқты бағыттарда оқытады.

✅ Елдегі халықтың қарқынды өсуі (32 млн. адам) азық-түлік өнімдерін тұтынуды ұлғайту мақсатында жаңаша ғылыми зерттеулер мен техникалық прогресті дамытуды талап етеді.

✅ Міне, аграрлық секторға қажетті ең заманауи инновациялық технологияларды меңгерген осы екі студентіміз «Өнеркәсіптік ғылымдар мен технологиялар» факультетін үздік аяқтап, 2024 жылдың 5 маусымында ағылшын тілінде дипломдарын сәтті қорғады.

✅ Жания Серікованың жетекшісі – dr. Muhammad Adam Lee Bin Abdullah, аға оқытушы, клеткалық және молекулярлы биология ғылымының кандидаты.

✅ Данил Акшимбаевтың жетекшісі – dr. Noor Diana Binti Abdul Majid, аға оқытушы, химия ғылымдарының кандидаты.

✅ Оқу ордамыздың абыройын асқақтатып, Паханг университетін үздік бітірген студенттерімізді жемісті қадамдарымен құттықтаймыз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник