KazNARU

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП – 2024» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА SPORT FEST ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Халықаралық жазғы мектеп – 2024» бағдарламасы қатысушыларының басын қосқан спорттық шара ұйымдастырылды. Жарыс биыл Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналды.

✅ Жарысқа халықаралық бағдарлама тыңдаушыларынан құралған 6 команда қатысты. Олар арқан тарту, асық ату сынды ұлттық ойындармен өрнектелген 5 түрлі спорттық сайыс түрлерінен бақ сынады. Халықаралық жазғы мектепке қатысушылар іс-шараға ерекше белсенділікпен, қызығушылықпен атсалысты.

✅ Sport Fest жарысы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылар керемет әсер алды. Іс-шараның да мақсаты сол – олимпиада құндылығын, дене шынықтыру мен спортты насихаттау, Жазғы мектеп тыңдармандарына жоғары көңіл-күй сыйлау, әрі ұйымшылдыққа дәріптеу.

✅ Қатысушыларға арнайы дипломдар табысталды.

✅ Айта кетейік, «Халықаралық жазғы мектеп – 2024» бағдарламасы KazNARU қабырғасында 3 маусым күні ресми түрде ашылған. Оған алыс-жақын 14 шетелден, атап айтқанда АҚШ, Малайзия, Қытай, Германия, Польша, Румыния, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан т.б., KazNARU проректорлары мен жетекші профессор-оқытушылары, отандық серіктес ЖОО-лардың жетекші ғалымдары, 400-ден астам білім алушылар оффлайн және онлайн режимде қатысты.

✅ Университет басшысы жақсы дәстүрге айналған жазғы мектепте биыл 10 бағыт бойынша дәрістер оқытылатынын, білім мен ғылымның озық инновациялық жетістіктері қарастырылатынын атап өтті.

Жүлделерді тәрбие департаментінің директоры Әсия Шаңбайқызы Ералиева, жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Әшірәлі Жүсіпұлы Сманов, "Дене тәрбиесі және спорт" кафедрасының меңгерушісі Меруерт Шекеевна Тұяқбаева, "Дене тәрбиесі және спорт" кафедрасының професссоры, педагог. ғылымдарының докторы Сарсекеев Ғабит Махметұлы табыс етті.