KazNARU

ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНДЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР МЕН ШЕБЕРЛІК ДӘРІСТЕРІ ӨТКІЗІЛДІ

✅ Өткен аптада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Халықаралық жазғы мектеп – 2024» тыңдаушыларының дәрістерін бастап кеткенін хабарлаған болатынбыз.

✅ Алыс-жақын шетелдерден келген білім алушылар KazNARU базасындағы жазғы мектепте 10 бағыт бойынша білім мен ғылымның озық инновациялық жетістіктерін үйреніп, практикалық дағдыларды меңгеруге кірісіп те кетті.

Мысалы, «Орман және жер ресурстарын тұрақты басқару» мектебіне алыс және жақын шетелдерден келген ғалымдар, университет профессорлары мен оқытушылары, салалық ғылыми ұйымдар мен Қазақстан өндірісінің көрнекті өкілдері қатысуда.

✅ Атап айтқанда: Орман және жер ресурстарын тұрақты басқару мектебінің басшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сабит Байзаков; «Су, жер және орман ресурстары» факультетінің деканы, а.ш.ғ.д., профессор, модератор Дани Сарсекова; АгроХаб Ғылыми білім беру технологиялық платформасының атқарушы директоры Фараби Ермеков; фасилитаторлар – «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының профессоры, а.ш.ғ.к.. Қуаныш Жоламанов пен «Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы», «Жер ресурстары және кадастр» кафедраларының профессорлық-оқытушылары құрамы белсенділікпен қатысуда. Дәрістердің өте жоғары деңгейде өтуіне жетекшілердің барлығы да өз күш-жігерлерін арнауда.

✅ Шет мемлекеттерден: Кастамону университетінің профессоры Аян Сезгин; Қытайдың экология және мал шаруашылығы ғылымының құрметті профессоры Райжин Лонг, Жер және қоршаған орта ғылымдары колледж профессоры Вэй-Цзин Ма; Ланчжоу университетінің Жер және қоршаған орта ғылымдары колледжінің профессоры, климат жөніндегі ғалым Сюэцзя Ван; Кеңістіктік талдау және жылжымайтын мүлік нарығы кафедрасының өкілі Вармия және Масурия университетінен техника ғылымдарының докторы, профессор Кристина Куровска т.б. халықаралық танымал ғалымдар өз тақырыптары аясында дәрістер оқуда.

✅ «Жазғы мектеп барысында тыңдаушыларға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық-тұқым орталығы» РМҚК қызметінің ерекшеліктері таныстырылды. Сонымен қатар, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде практикалық сабақтар мен мастер класстар өткізілді», - дейді «Су, жер және орман ресурстары» факультетінің деканы, а/ш.ғ. докторы Дани Сарсекова.

✅ Университеттегі жазғы мектеп – білім алушылардың оқу үдерісіне тереңдеп енуіне, білімдерін кеңейтуге және ғылым саласында жаңа тұлғалармен танысуға үлкен мүмкіндік береді. Өз кезегінде бұл жаңаша білім меңгеру ғана емес, құнды тәжірибе жинақтау мен тамаша мүмкіндіктер әкелетін болашаққа арналған инвестиция екені анық.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник