KazNARU

KazNARU БАЗАСЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫН БІТІРГЕНДЕРГЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Қарақалпақстан ауыл шаруашылығы және агротехнология институтынан келген профессор-оқытушылар құрамына біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар табысталды.

✅ Біліктілікті арттыру курстары профессор-оқытушылардың педагогикалық қызметін нәтижелі атқаруын және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби білімін дамытуды көздейді.

✅ Курсты бітірушілерге KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы Айтжан Абдыров арнайы сертификаттар тапсыра отырып, білім беру саласындағы қадамдарына сәттілік тіледі.

✅ Өз кезегінде қарақалпақстандық ғалымдар мен оқытушылар біліктілікті арттыру курсын жоғары деңгейде ұйымдастырып, тыңдаушыларға барлық жаңдайды жасағаны үшін университет басшылығына алғыстарын білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі