KazNARU

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУЫ ӨТТІ

✅ Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде екі аптаға созылған Халықаралық жазғы мектеп өз жұмысын аяқтады. Осы уақыт ішінде жазғы мектеп жаңа білімді, ғылым саласындағы соңғы жаңалықтарды, тәжірибелерді игеруге, достық қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік жасаған бірегей білім алаңына айналды.

✅ Мектептің жабылу салтанатында сөз сөйлеген KazNARU Басқарма Төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті, академик Ақылбек Күрішбаев «Халықаралық жазғы мектеп-2024» жұмысына әлемнің 17 елінен оффлайн режимде 200-ден астам, онлайн режимде 400-ге жуық білім алушы қатысқанын атап өтті. АҚШ, Малайзия, Қытай, Польша, Түркия, Румыния, Грузия, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Пәкістан, Франция және тағы басқа елдердің өкілдері жазғы мектеп аясында көшпелі дәрістердің, мекемелерге жасалған экскурсияның, басқа да мазмұнды іс-шаралардың куәсі болды.

✅ «Халықаралық жазғы мектеп – білім беру жүйесін интернационалдандыруды іске асыруға ықпал ететін басты тетіктердің бірі. Біз университетте шетелдік студенттер санын көбейтуге ерекше назар аударып келеміз. Биыл алғаш рет біздің университеттің тәжірибелі ұстаздарымен бірге, 14 мемлекеттен, атап айтқанда, Небраски-Линкольн Университеті (АҚШ), Қытай аграрлық университеті, Ланжоу Университеті және т.б. әлемнің жетекші жоғары оқу орындарынан танымал ғалымдар тартылды. Мектеп тыңдаушылары дәріс тыңдап қана қоймай, шеберлік сабақтарынан өтіп, зертханалық жұмыстарды орындап, практикалық сабақтар мен семинарларға қатысты», - деді Ақылбек Күрішбаев.

✅ Сонымен қатар, ректор оқу ордамызда «цифрлық университетке» айналдыру бағытында Қытай аграрлық университетімен бірлесе су ресурстарын ақылды басқаатын «Цифрлық зертхана», Ланьчжоу университетімен «Ақылды ауыл шаруашылығы» орталығын құру жөніндегі жұмыстар қолға алынғанын атап өтті.

«Алыс және жақын шетелден келген жастар Қазақстандағы аграрлық салада жоғары білім берудің көшбасшысы болып табылатын біздің университетке оқуға түсуге шақырамын!», - деді сөзінің соңында Ақылбек Қажығұлұлы.

✅ Жиында сөз сөйлеген шетелдік өкілдер дәрістер мен шеберлік-класстар, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен презентациялардың, практикалық сабақтардың нәтижесіне жоғары баға беріп, жазғы мектепті өте жақсы ұйымдастырғаны үшін университет басшылығына алғыстарын білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник