KazNARU

МАЛАЙЗИЯДАН БІТІРГЕН ЖАС МАМАНДАР ТАЛАПКЕРЛЕРДІ KazNARU-ға ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің 4-ші курс студенттері Жания Серікова мен Данил Акшимбаев Малайзияның Куантан қаласында орналасқан Аль-Сұлтан Абдулла Паханг университетіне бір жылдық оқуға аттанған болатын.

✅ Паханг университеті (UMPSA) Малайзиядағы 19 мемлекеттік университеттің көшін бастаған инженерлік, технологиялық бағдарламалар мен зерттеулердің жетекші провайдері болып табылады. Университеттің Пекан, Гамбанг аталатын екі кампусы және 7 факультеті бар.

✅ UMPSA «Өнеркәсіптік ғылымдар мен технологиялар» факультетін үздік аяқтап, 2024 жылдың 5 маусымында диплом алған студенттеріміз абитуриенттерді KazNARU-ға оқуға шақырады!

✅ ҚҰРМЕТТІ ЖАС ТҮЛЕКТЕР! ҚҰРМЕТТІ АБИТУРИЕНТТЕР!

Сіздер KazNARU-да оқи жүріп, әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында екінші диплом алу мүмкіндігіне ие боласыздар!

✅ Бізде «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР», «ВЕТЕРИНАРИЯ» білім беру бағдарламалары бойынша шекті балл – 50.

✅ KazNARU өз студеттерін 100 пайыз ЖАТАҚХАНАМЕН қамтамасыз еткен Алматыдағы жалғыз оқу ордасы.

✅ Университетте жоғары стипендия алып, өздеріңіз үшін жаңа мүмкіндіктерді ашыңыздар!

✅ Қабылдау комиссиясы әрбір талапкерге көмек көрсетуге дайын.

Тел.: +7 (727) 264-06-13

WhatsApp +7 747 264 08 54

e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru

✅ Мекен-жайымыз: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник