KazNARU

ХАБАРЛАНДЫРУ

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Қазақстан Республикасы  жоғары оқу орындары арасында конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурс мәні

Жергілікті бюджет қаражатынан 2024-2025 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы.

Конкурс ұйымдастырушысы

«Жетісу  облысының білім басқармасы» ММ

Пошталық мекенжайы: 040000, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 504-кабинет

Байланыс телефондары: 8 (7282) 32-94-12, 87016742055

Конкурс туралы ақпарат

Конкурс Жетісу  облысы әкімінің 2022 жылғы 15 шілдедегі «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескереотырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға конкурс өткізуді жариялау туралы» №88-р о/д өкімі негізінді өткізіледі.

Конкурсқа мамандықтар шегінде әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары қатыса алады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген қағидалар бойынша келесі конкурстық өтінімді ұсынады:

1) 8-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖЖОКБҰ өтінімін;

2) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖЖОКБҰ сауалнамасын;

3) 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім.

Берілген қосымшалар қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынылады.

Ақпараттық картаның және мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша ұсыныстардың электрондық нұсқасын адрес saida.ssk@mail.ru электронды мекенжайларға жіберу қажет.

Байланыс телефондары 8 (7282) 32-94-12

Конкурстық өтінімге ұсынылған құжаттар тігілген, нөмірленген, жоғары оқу орнының бірінші басшысының қолы қойылып, мөрмен расталуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер желімделген конвертте 040000, Жетісу облысы, Талдықоған қаласы, Қабанбай батыр, 26, 504-кабинетке жіберіледі.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімдері: 2024 жылғы 29 шілде 2 тамыз аралығында сағат 18.30-ға дейін.

  1. Жалпы конкурс

Білім беру бағдарламалары тобы

Саны

1

В001 Педгогика және психология

3

2

В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

3

3

В009 Математика мұғалімдерін даярлау

7

4

В010 Физика мұғалімдерін даярлау

3

5

В014 География мұғалімдерін даярлау

2

6

В020 Арнайы педагогика мамандарын даярлау

3

7

В033 Дінтану және теология

5

8

В077 Өсімдік шаруашылығы (6В08102 Агрономия – ауылшаруашылық ғылымдары мен технологиялары (қос диплом)

10

9

В083 Ветеринария

1

10

ВМ086 Медицина

2

11

В091 Туризм

1

 

БАРЛЫҒЫ:

40

  1. Жергілікті бюджет есебінен көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары арасындағы конкурс

Білім беру бағдарламалары тобы

Саны

1

В001 Педгогика және психология

2

2

В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

3

3

В009 Математика мұғалімдерін даярлау

8

4

В010 Физика мұғалімдерін даярлау

2

5

В014 География мұғалімдерін даярлау

1

6

В018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау

3

7

В020 Арнайы педагогика мамандарын даярлау

2

8

В033 Дінтану және теология

5

9

В050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

1

10

В051 Қоршаған орта

1

11

В057 Ақпараттық технологиялар

2

12

В060 Химиялық инженерия  және процестер

1

13

В063 Электр техникасы және автоматтандыру

1

14

В065 Көлік техникасы және технологиялар

1

15

В068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

1

16

В074  Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

1

17

В075  Кадастр және жерге орналастыру

1

18

В078 Мал шаруашылығы

1

19

В079 Орман шаруашылығы

1

20

В083 Ветеринария

2

21

ВМ086 Медицина

18

22

В091 Туризм

1

23

В094 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

1

 

БАРЛЫҒЫ:

60

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник