KazNARU

ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМ KazNARU ЖАС ҒАЛЫМДАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіндегі Диссертациялық кеңестерде кадрлар даярлау бағыттары бойынша қорғаған докторанттарға «Жоғары оқу орнының белгіленген үлгідегі философия докторы (PhD)» дәрежесін беру рәсімі болып өтті.

✅ 2024 жылғы қаңтар мен маусым айларында университетімізде 28 білім алушы өздерінің PhD доктор атақтарын қорғаған болатын. Олардың қатары енді тағы да 12 PhD доктормен толықты.

✅ KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың Бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Пірімқұл Ибрагимов өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі таңда кез-келген мемлекеттің экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігі – білім мен ғылымның дамуы арқылы анықталатынын атап өтті.

✅ «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында отандық ғылым алдына ауқымы зор және аса жауапты міндеттер қойды. Ғылыми зерттеулер деңгейін арттыру, инновациялық жетістіктеріді өндіріске енгізуден тиісті табыс алу, жас таланттарды ғылымға көптеп тарту арқылы елдің «интеллектуалды элитасын» күшейту жөнінде тапсырмалар берді. Біз де Қазақстанның жоғары білімі мен ғылымының дамуына өз үлесімізді қоса отырып, университетіміздің ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын көшбасы жоғары оқу орны екендігін әрқашан ісімізбен көрсете білуіміз қажет. Еліміздің ғылыми әлеуетін жоғарылату сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан, өздеріңізге артылар жүк те ауыр болмақ. Болашақта сіздер ғылым саласында жаңа белестерді бағындырады деп сенемін!», - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Ұлы Абай өзінің 32-ші қара сөзінде «Әуелі – білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, Білім – ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде сақтаған дұрыс болады» деген еді. Осыдан бір ғасыр бұрын айтылған даналықтың өміршеңдігін уақыттың өз дәлелдеп отыр. Қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне төтеп беретін жалғыз жол – ғылымды дамыту, еліміздің өркениет көшіндегі лайықты орнын иеленуіне барынша қызмет жасау.

✅ Осы қағидатты еске ала отырып, аға буын өкілдері жоғары білікті жас ғалымдар қатарын толықтырған әріптестеріне сәт сапар тіледі. Жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Басқарма Төрағасы, а-ш.ғ.д., профессор Теміржан Айтбаев, Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, в.ғ.д., профессор Жұмагүл Киркимбаева, в.ғ.д., Ветеринарлық санитария кафедрасының профессоры Нұржан Сарсембаева жас ғалымдарға табандылықпен өмір бойы алға жылжуға, кәсіби қызметте табысқа жетуге тілектестік білдірді.

✅ Университеттің ұжымы да сіздерді шын жүректен құттықтайды!

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник