KazNARU ҰЖЫМЫ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ АЛМАТЫЛЫҚТАРҒА АЛМА ТАРТУ ЕТТІ
Қыркүйектің үшінші жексенбісінде – 15 қыркүйекте Алматыда дәстүрлі Қала күні мерекеленеді. Осыған орай, бүгін Медеу ауданында орналасқан үш мекеме – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Республика Сарайының ұжымы және Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей бірлесе отырып, «Самал-1» ықшамауданында «Алматы – менің сүйікті қалам» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
✅ Мерекелік іс-шара аясында KazNARU ҰЖЫМЫ алматылық оқушыларға ән-жырдан шашу шашып, Қазақстан-Нидерланд интенсивті бақта өсірілген «Wilton’s Star» сортты алмаларды тарту етті.
✅ Іс-шараға KazNARU Тәрбие жұмыстары жөніндегі департамент директоры Асима Ералиева, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Әшірәлі Сманов, университеттің белсенді, әрі өнерпаз студенттері қатысты.
✅ Респбулика Сарайы ұжымының атынан эстрада жұлдыздары Дәурен Байбөрі мен Бейбітгүл Нұрымхожина, KazNARU атынан студенттер Бану Қызаева мен Алуа Әлдибек өздерінің әндерін арнап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
✅ Қала күніні тойлау алдағы күндері аудандардың көпшілік көп жүретін алаңдары мен концерт залдарында, еңбек ұйымдары мен білім беру мекемелерінде жалғасады.
Мереке құтты болсын!
KazNARU Баспасөз қызметі