Сіздерді кәсіби мерекеміз, 1 қазан - Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде ғылымы мен білімі сабақтасқан елдің экономикалық әлеуеті, даму екпіні ерекше леппен биіктейтінін әлем мемлекеттері мойындаған. Жаңашыл бағыт, жүйелі білім жоғары оқу орындарындағы білімгерлердің болашақ бағдарын айқындай түседі. Бұл жолда нағыз еңбек жоғары білім қызметкерлерінің еншісінде.
Осы атаулы күнде білім қызметкерлеріне шығармашылық жетістік, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Еліміздің мүддесі үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз табысты, ғылым мен білімнің өрісін кеңейтуге арналған жұмыстарыңыз жемісті, істеріңіз берекелі болсын!
Ізгі ниетпен,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
академиясының Президенті
А.Қ.Күрішбаев