KazNARU

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СТАНДАРТТАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Инженерлік-технологиялық факультенінде «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың ұйымдастыруымен дәстүр бойынша жыл сайын тойланатын «Дүниежүзілік стандарттау күніне» орай мерекелік іс шара өткізілді. Іс-шара «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдараламасы бойынша 2,3,4 курс студенттерінің арасында білім сайысы түрінде өтті. Бұл сайыстың мақсаты білім алушылар мамандығын тереңірек біліп, қызығушылығын арттырып, маңыздылығын түсініп, бір бірімен алған білімі бен тәжірибелерімен алмасу болды.

✅Жыл сайын 14 қазанда ХЭК және ИСО мүшелері халықаралық стандарттар ретінде жарияланатын ерікті техникалық келісімдерді әзірлеумен айналысатын бүкіл әлем бойынша мыңдаған сарапшылардың жұмысын бірлесіп бағалауға мүмкіндік беретін Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өтеді. Стандарттау күнінің 14 қазанда тойлануы кездейсоқ емес. Себебі, дәл осы күні 1946 жылы Лондонда стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың конференциясының ашылуы өтіп, Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO) құрылды.

✅Білім сайысы білім алушыларға стандарттаудың маңыздылығын атап өту үшін, студенттерді ұйымшылдыққа, достыққа, өзін-өзі тануға, айналасындағы ортамен қарым-қатынас жасауға, топппен жұмыс жасауға, әртүрлі қиын жағдайда шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

✅Білім сайысына қонақ ретінде келген Қазақстан стандарттау және метрология институтының бас маманы Дарижан Сеилбековна қазылар алқасы қатарында отырып өз бағасын берді. Сонымен қатар төрелік ететін әділқазы мүшелерінің құрамында факультет деканы Әлдибаева Ләззат Тұрғынбайқызы, кафедра меңгерушісі Мамаева Лаура Асильбековна, СС 1-курс докторанты Темірбек Аңсат болды.

✅Білім сайысына 3 топ қатысты: 4-ші курс студенттерінен құралған “SS -Sattar’s students” тобы, 3-ші курс студенттерінен құралған “CASCO” тобы, 2-ші курс студенттерінен құралған “СМС” тобы. Және көрермен ретінде 1 курс студенттері қатысты.

✅Әр топ видеоролик арқылы өз топтарын таныстырды, топтарының атауына сәйкес өз қолдарымен креативті ойларымен құрастырған 3D эмблемаларын әзірлеп, оны қисынмен түсіндірді. Әр топ белгілі бір өнімге қатысты зертханалық жұмыс жасап, оны видеоролик ретінде қорғады. Зертханалық жұмыстар жасауына, қорғауына қалай түсіндіргеніне байланысты бағаланды.

✅«Сұрақ- жауап» сайысы бойынша әр топ баллдық ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беріп өздерінің терең теориялық және практикалық білімдерін көрсете білді.

✅Ең қызықты тур «Ғылымға негізделген эксперимент» болды. Бұл сайыста әр топ белгілі бір ғалымның заңына сүйеніп жасалынған эксперименттік жұмыстарды көрсете білді. Эксперимент арқылы ғалымның заңын толық ашып түсіндіргеніне қарай бағаланды.

✅Ақырғы «Капитандар сайысында» топ басшылары Демингтің принциптеріне сүйене отырып топтық жұмысты ынталандырып, үздіксіз жетілдіріп, деректер мен фактілерге негізделген шешім қабылдап, іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен өз тобына үлгі бола алатын көшбасшылық қаситтерін көрсете білді.

✅Іс-шараны қорытындылай келе, ғалымдардың стандарттау мен өмір арасындағы байланысы туралы айтқан сөздерін еске ала отырып, белгілі экономист Джон Мейнард Кейнстің айтқан «Стандарттар — бұл қоғамның дамуындағы қажетті құрал» сөзімен қорытыдылады.

✅Бұл сөздер стандарттаудың біздің өміріміздегі маңыздылығын айқын көрсетеді.

✅Сондықтан, стандарттау — бұл тек кәсіби салада ғана емес, адамзат өмірінің әрбір аспектісінде маңызды.

✅Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын дамытуды қолдауды Дүниежүзілік стандарттау күнінің тақырыбымен байланыстырды. Стандарттар экономиканың барлық салаларында, экология, халықтың өмір сүрі сапасы және басқа да салаларда техникалық шешімдерді белгілейтін негізгі құрал болып табылады.

Ұйымдаструшылар кафедра оқытушылары:

Искакова Жанат Абдуллаевна;

Исматуллаев Саттар Лесханович;

Тәжен Қанат Пайызұлы;

Тайжанова Маржан Әріпжановна;

Жамурова Венера Серикбаевна.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник