БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ҮШІН АШЫҚ САБАҚ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында ашық сабақ апталығы өтуде. Тағлымды шара оқыту әдістемесі бойынша тәжірибе алмасу мақсатын көздейді.
Ашық оқу сабағы оқытушылардың әдістемелік жұмысының нысаны болып табылады. Осыған орай 2024 жылдың 24 қазанында «Есеп, аудит және қаржы» кафедрасының профессоры, э.ғ.к. Бейсекова Жанна Ізғарбекқызының «Статистика» пәні, «Динамика қатары» тақырыбын қамтыған мазмұнды дәріс өтті. Сағат 11-10-да басталған ашық оқу сабағына МК-23-01р, МК-24-01р, МН-24-01р тобының 2 курс студенттері белсенді қатысты.
Соколенко Виктория осы тақырып бойынша қызықты презентация дайындады. Топтар бойынша ахуалдық міндеттерді шешу, карточкалар бойынша жеке жұмыс, блиц-сауалнаманы қолдану сияқты оқытудың интерактивті әдістері қолданылды.
Сабаққа университет басшылығының өкілдері, сондай-ақ «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің деканы, орынбасарлары және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, университеттің Инженерлік технологиялар факультетінде де «Электрлік жарықтандыру» пәні бойынша ашық сабақ өтті. Зертханалық жұмыс тақырыбы «Люминесценттік шамдардың екі шамды қосылу сұлбасының жұмысын зерттеу".
Мұндағы мақсат – үй-жайларды жарықтандыруға арналған екі люминисценттік шамды жалғау сұлбасын қосуды үйрену. Әрі люминесценттік шамдардың екі шамды қосылу сұлбасын және оның жеке элементтерінің арналымын оқып игеру. Ашық сағат аясында шамдардың жұмысқа қосылғандағы жарық – техникалық сипаттамаларын алу және талдау тапсырмалары да талданды, оқытылды.
Ашық сабақты PhD, аға оқытушы Кулмахамбетова Акмарал Токтаналиевана жүргізді.
«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасында «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ашық сабақ өтті. Дәріс тақырыбы «Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы».
Сабақтың мақсаты – студенттердің білімін, іскерлігі мен дағдысын, шығармашылығын, кәсіби деңгейін жетілдіруде оқытудың заманауи инновациялық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарымен бөлісу.
Ашық сабақты тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ахантаева Әмина Жағыппарқызы өткізді.
Сонымен қатар, стейхолдер Рсымбетов Бекзат Амангельдиевич Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультетінің «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасында «Жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру» атты тақырыпта ашық сабақ өтті.
KazNARU Баспасөз қызметі