KazNARU ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
07.11.24 ж. Қызылорда облысы, Қызылорда қаласынан И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ермұхан Бауыржан Бақытжанұлы мен «Ветеринария, зоотехния және технология» циклінің арнайы пәндер оқытушысы Сматов Бақытжан Сәкенұлы университетімізбен ынтымақтастыққа отыру үшін арнайы өкіл ретінде келді.
Басқарма Төрағасы-Ректордың орынбасары Абдыров А.М. мен қабылдау комиссиясының директоры-жауапты хатшы Қайырбаева А.Е. және факультет декандары кездесті.
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде 1600 аса студенттер білім алуда. Оның 298 студенті 2025 жылы оқуларын аяқтайды.
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі бойынша дайындалатын мамандықтар:
- 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру;
- 07210200 Сүт және сүт өнімдерін өндіру;
- 07321400 Гидротехникалық мелиорация;
- 08110100 Агрономия;
- 08110500 Зоотехния;
- 08210100 Орман шаруашылығы (түрлері бойынша);
- 08110700 Балық шаруашылығы (түрлері бойынша);
- 08410100 Ветеринария;
- 07130100 Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша;
- 07130200 Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша);
- 07130700 Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша).
Меморандум аясында мына нәтижелер күтіледі:
1. Университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкес келетін жоғарыда аталған мамандықтар бойынша оқу бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларын үйлестіру арқылы, оқу мерзімін қысқартып оқытуға қол жеткізу.
2. Университетіміздің ПОҚ мен колледждің оқытушылары бірлесіп ғылыми жобаларды орындау мен мақалаларды авторластар ретінде жариялау.
3. Колледжде оқу процесін ұйымдастыру мен жетілдіруде ҚазҰАЗУ профессор-оқытушылар құрамы тәжірибиелерімен бөліседі.
4. Колледждің жас оқытушылары магистратура мен докторантураға түсулері үшін алдын-ала кеңес беріп, дайындық жұмыстарын жүргізу, талаптарға сәйкес, процедуралардан өтіп, оқуға қабылданған соң, ғылыми жетекшілік ету, ғылыми дәрежелі болуларына ықпал ету.
5. Көшпелі қабылдау комиссиясын ұйымдастыру.
Тараптардың ынтымақтастық келісімі елімізге қажетті білікті әрі нағыз өз ісінің мамандарын даярлауда үлкен септігін тигізеді деген сенім мол.
KazNARU баспасөз қызметі