«Интеграцияланған менеджмент жүйесі» интелектуалды білім сайысы
Кеше қараша айының 28 жұлдызында ҚазҰАЗУ университетінің 4-курсы СС21-06К тобы студенттері арасында «Интеграцияланған менеджмент жүйесі» пәні бойынша интеллектуалды сайыс сабағы өтті. Шараның басты тақырыбы – ет, сүт және нан өндірістеріне ИСМ (интеграцияланған сапа менеджменті) енгізудің маңыздылығы болды.
Ашық сабақтың форматы ИСО 9001 стандартының принціптеріне негізделіп құрастырылды. Шара бірнеше қызықты турлардан тұрды: командалар тамақ өндірісне ИСМ енгізетін консалтингтік компаниялар ретінді қатысты және әр команда өзіне бекітілген өндірістің ИСМ бойынша нұсқаулықтарын әзірлеп қорғап шықты, үрдістік амалдарды табу (ойлан тап) тапсырмасын орындады, Исикавы диаграммасы арқылы ұдайы жақсарту қағидаларын талқылады. Сонымен қатар, SWOT талдау негізінде тәуекелдерді басқару жолдарын ұсынса, «факт/факт емес» сайыссында фактілер негізінде шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті. Көшбасшылық қасиеттерін анықтайтын тур ерекше қызығушылық тудырып, болашақ жетекшілердің әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Студенттер сапа стандарттарын талқылап, өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін қарастырды. Командалар өз білімдерін, аналитикалық қабілеттерін және шығармашылық ойлау дағдыларын ерекше көрсетті.
Осындай іс-шаралар жастардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, тәжірибелік білім алуға және өз саласында көшбасшы болуға мүмкіндік береді. Сайыс қатысушылары өздерінің жоғары дайындығын дәлелдеп, болашақта сапалы әрі қауіпсіз өнім өндіруге деген ұмтылыстарын көрсетті. Бұл шара студенттердің білімге деген ынтасын арттырып, мамандыққа деген қызығушылықтарын күшейтті. Қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!