KazNARU

"Атамекен - Туған жер" атты ғылыми-танымдық жобасы өз мәресіне жетті

"Жалпы білім беру пәндері" кафедрасының «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушыларының ұйымдастырылуымен жыл сайын дәстүрлі түрде бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан "Атамекен - Туған жер" атты Ғылыми танымдық жоба конкурсы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды. 

Жоба байқауы 2-турдан тұрды, 1-тур бойынша оқытушылар құрамынан құралған әділ-қазылар алқасы келіп түскен бейнесюжеттердің үздік дегендерін таңдап алынды. 2-турда таңдап алынған бейнесюжеттер әлеуметтік желілер арқылы таратылып ең көп "лайк" және пікір қалдырғандардың даусын жинаған студенттер жеңімпаз атанды.  1,2,3 дәрежелі номинацияларды иеленген студенттерге арнайы «Дипломдармен», «Сертификаттар берілді. 

Іс шараны "Жалпы білім беру пәндері" кафедрасының қауымдастырылған профессоры осы жобаны ұйымдастырушы Әмина Жағыппарқызы жүргізіп отырды. Кафедрасының қауымдастырылған профессоры Зауре Сәлкейқызы ашып, студенттерге туған жердің қадір қасиетін, әрбір жас өзінің туып-өскен аймағында тарихтан қалған қандай ескерткіштер, жәдігерлер барын, олардың мән-маңызын білгенде ғана туған өлке тарихын білуге, құрметтеуге деген сезімі оянатына тоқталды. Кафедраның профессор оқытушылары: Ақтамбердиева Зауре Сәлкейқызы, Куппаева Ботагөз Төлегенқызы мен  Ахантаева Гулазия Жағыпбарқыздары конкурсқа қатысқан студенттерді құттықтап марапаттарын тапсырды. Қорытындылай келе Әмина Жағыппарқызы: «Қазіргі таңда ұлтымыздың жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеудің сан алуан жолдары бар. Туған жеріне, ата - анасына, ұлтына деген ыстық ықыласы Отансүйгіштікке ұласса ол адамның рухани деңгейінің биіктігі» - деп атап көрсетті.

І орын  АТТ-24-01 Кентаев Мейіржан – ғылыми жетекшісі т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ахантаева Ә.Ж.
ІІ орын ВетПБиТ 24-19 Таисия Матвеева - ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор Асылбекова Ж.М;
ІІ орын ПБ-24-19 Алдаберген Альмира – ғылыми жетекшісі т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ахантаева Ә.Ж.
ІІІ орын ЛДО-24-12 Бейсембай Амина – ғылыми жетекшісі т.ғ.к.,, қауымдастырылған профессор Сәрсенбаев А.Б; 
ІІІ орын БТ -24-01 Сабыр Аида – ғылыми жетекшісі PhD, қауымдастырылған профессор Оспанов Е. Б; 
ІІІ орын  Қонысбекова Рабиға – ғылыми жетекшісі аға оқытушы Ахантаева Г. Ж.

Сонымен қатар өздерінің туған жерлері туралы жақсы бейнесюжетті жобалары таңдалып алынған 20 студентке сертификат тапсырылды. 
Қорыта келе ғасырлар қойнауында атадан балаға мұра болып келе жатқан ел тарихын, шежіресін сіңіру аға ұрпақтың басты міндеттерінің бірі болуы тиіс.

"Жалпы білім беру пәндері" кафедрасы т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ахантаева Ә.Ж.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник