KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ ТРЕНДТЕР ТУРАЛЫ ПІКІР АЛМАСТЫ

✅ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың қыркүйегінде жасаған Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтардың жылы» деп жариялаған болатын.

✅ Мұндағы мақсат – кәсіптік білім беру жүйесін реформалау арқылы қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге ықпал ету, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу. Бұл еліміздегі экономиканың өсімін қамтамасыз ететін және инвестициялық тартымдылықты арттыруға бастайтын тың қадам ретінде қоғамда жақсы қабылданды.

✅ Мемлекеттік ұйымдар мен білім беру мекемелері жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, білікті кадрлар даярлау сапасын жақсарту, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында жүйелі шараларды жүзеге асыруды қолға алды.

✅ Осы шараларды қолдай отырып, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Алматы қаласының «Еңбек мобильділігі орталығы» электрондық енбек биржасының базасында студенттерді өндірістік практикадан өткізуге арналған функционалмен және «Skills Enbek» онлайн курстары туралы ақпараттық- түсіндіріме кездесуін ұйымдастырды. Іс-шараға KazNARU Практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Бақытгүл Есимова, профессор-оқытушылар құрамы және 2-5 курстарында оқитын 350 студент қатысты.

✅ «Еңбек мобильділігі орталығының» бөлім басшысы Гүлзира Қазыбаева өз сөзінде 2019 жылдан бастап «Мансап компасы» атты жаңа платформаның іске қосылғанын атап өтті. Бұл платформа цифрлық шешім пайдаланушыларға еңбек нарығындағы өзекті трендтерді зерделеуге, әртүрлі кәсіптердің сұранысын салыстыруға, өзгерістер динамикасын бағалауға және оңтайлы білім траекториясын таңдауға мүмкіндік береді.

✅ Спикер сондай-ақ, кәсіпқойлық шеберліктің өмірде жоғары бағаланатынын және мұның жалақы деңгейі мен мансап мүмкіндіктеріне тікелей әсері болатынына тоқталды. Орталық тарапынан жастардың жұмыспен қамтылуына мемлекеттік қолдау шаралары тұрақты жүргізілетінін айта отырып, студенттерге еңбек биржасында (enbek.kz) кәсіби практикадан өту мүмкіндігін ұсынды. «Мансап компасы» жобасы сұранысқа ие мамандықтарды анықтап, жоғары оқу орындарын бітірушілердің таңдаған мамандықтарының болашағын бағалау, тағылымдамадан өту және жұмыс орнын табуға жәрдемдеседі.

✅ Кездесу еркін және өзара пікір алмасу форматында өтті. Студенттер жиынға белсенділікпен қатыса отырып, өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник