ҚАЗАҚСТАННАН ШЫҚПАЙ-АҚ ШЕТЕЛДІК ЖОО-да БІЛІМ АЛ
Бүгін Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетің базасында шетелдік ЖОО филиалдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу шарасы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің, қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен шетелдік ЖОО филиалдары көрмесі жалғасты.
Бүгінгі іс-шараға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өкілдері екінші рет қатысып, Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Айнұр Қайырбаева, ТИАШМИ ҰЗУ Филиалының директоры, т.ғ.д., профессор Абдурахим Бердишев, профессор-оқытушылар құрамы мектеп бітіруші жас түлектерге оқу ордамыз туралы маңызды ақпараттар берді. KazNARU мен Филиалдың ерекшелігі туралы видеоролик көрсетіліп, ауылшаруашылығы мамандығына қатысты талаптар, қабылдау ережесі, ҰБТ-ға дайындалу барысында пайдаланылатын қосымша материалдар таратылды.
Министрлік өкілінің айтуы бойынша, 2022-2024 жылдары аралығында елімізде 23 шетелдік ЖОО-мен стратегиялық серіктестік орнатылған болатын, Бұл ФилиалдаРДА оқып, білім алу қазақстандық талапкерлер үшін керемет мүмкіндік болмақ. Өйткені, жастар мемлекеттік грант негізінде Қазақстаннан тыс шетелге шықпай-ақ, өз елінде халықаралық дәрежедегі дипломға ие бола алады.
Іс-шара барысында алматылық жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналары тарапынан кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әртүрлі сұрақтар қойылды және оларға тиісті жауаптар қайтарылды.
KazNARU Баспасөз қызметі