KazNARU ФАКУЛЬТЕТТЕРІНДЕ «МЕНТАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ – 2025» ДЕКАДАСЫ ӨТУДЕ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 03 ақпанда басталған «Менталды денсаулық – 2025» декадасының бірінші бөлімін жан-жақты өткізудің Іс-шаралар жоспары бекітіліп, барлық факультеттерде менталды саулықты нығайтуға бағытталған түрлі кездесулер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылды.
Апталықтың ашылуында «Сана мен жан саулығы – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында білікті мамандардың баяндамалары ұсынылып, менталды денсаулықты жақсарту жолдары талқыланды. Университетіміздің психологтары Ляйля Бейсембаева, Сая Нұржанқызы, Әлішер Мыңбай, Әсел Әмірқұл бастаған «Progress» практик-психологтар тобы және декан орынбасарлары «Өзіңді тыңда» мотивациялық семинарларын өткізіп, студенттерге психологиялық тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.
Сондай-ақ, 4 ақпан «Эмоциялық тұрақтылық күні» ретінде белгіленіп, «Цифрлық құралдарды менталды денсаулық үшін пайдалану» және «Суицидтің алдын алу» тақырыптары қозғалды.
5-6 ақпан күндері «Сана саулығы – ортақ жауапкершілік» тақырыбында студенттер арасында химиялық тәуелділікпен күрес, құмар ойындардың зияны туралы ақпараттық жұмыстар жүргізілді, видеороликтер көрсетілді.
7 ақпанда «Өзіңді түсіну – өзгелерді түсінудің кілті» атты психологиялық тесттер, қарым-қатынас тренингтері өткізілді. «Су ресурстары мен It технологиясы» факультетінің топ кураторлары мен оқытушы мамандарының белсенді қолдауымен декаданың бірінші апталығы қызықты аяқталды.
Декада шаралары алдағы аптада жалғасын табатын болады. Барлықтарыңызды «Менталды денсаулық» декадасына белсенді қатысуға шақыра отырып, өздеріңізді толғандырған түрлі мәселелер мен жеке сұрақтар бойынша университет писхологары консультация беруге дайын екенін еске саламыз.
KazNARU Баспасөз қызметі