KazNARU

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛЕТТІЛІКТІҢ БАСТЫ ШАРТЫ

Осындай тақырыппен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінде Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Превенция басқармасының қызметкері Алма Амангелдиева мен унивеситеттің Комплаенс-офицерінің м.а. Мақсат Иманбеков қонақ дәріс өткізді.

Қонақ дәріске "Бизнес және құқық" жоғары мектебінің деканы Динара Ажинурина, оқытушылар мен "Құқық" кафедрасының "Құқықтану" мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттері қатысты.

✅ Дәріс барысында студенттер спикерлерді қызығушылықпен тыңдап, құқықтық ақпаратты игеру, оларды кәсіби деңгейде қолдану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлықпен күрестегі құқықтық актілерге қатысты сұрақтар қойып, нәтижелі де маңызды ақпараттармен алмасты.

✅ «Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» жаңа заңы бар, онда процессуалдық заңнамаға көптеген түзетулер енгізілді. Сондай -ақ бұл заң құқық бұзушылық субъектілерінің жауапкершілігін қатаңдатты, мысалы заңсыз табыс арқылы келген жеке меншіктегі мүлікті тәркілеу, мемлекеттік қызмет саласында өмір бойына қызмет ету құқығын бас бостандығынан айыру сияқты жазалар қарастырылған. Болашақ заңгерлер мұны біле жүргені дұрыс», - деді Алма Амангелдиева.

✅ Университеттің «Бизнес және құқық» Жоғары мектебі заң қызметтерін көрсету, экономика, мемлекеттік басқару құрылымдары, құқық қорғау органдары, қаржы, жоспарлау, шаруашылық жүргізуші субектілері тәрізді салалар үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярланады.

✅ Сондықтан, студенттерге негізгі білім берумен қатар, қосымша мамандандыру жүйесі енгізіліп, жастардың қабілеттерін шыңдау, құқықтық қызметтің әрбір саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қолдану ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында осындай қонақ дәрісері жүйелі өткізіліп келеді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник