«Су шаруашылығы және мелиорация» білім беру бағдарламасына КІРІСПЕ атты дөңгелек стөл
2025 жылдың 2 қазанында ҚазҰАЗУ КеАҚ және «ТИАШМИИ» ҰЗУ филиалының ұйымдастыруымен Ресей Академиясының ғылым және білім саласының еңбек сіңірген қайраткері, «Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі» бағытының техника ғылымдарының кандидаты Аширяев Клим Шафкатовичтің «Су ресурстары және IT технологиясы» факультетінің 1 курс студенттерімен «Су шаруашылығы және мелиорация» білім беру бағдарламасына кіріспе атты дөңгелек стөлі өтті.
Жоғары оқу орнына жаңа қадам басқан студенттерге таңдаған мамандықтарының елімізде су ресурстарын ұтымды пайдалану, қорғау және қалпына келтірумен, ауыл шаруашылығы алқаптарының табиғи жағдайларын жақсартып, олардың құнарлылығымен өнімділігін арттыруға бағытталған шаралар кешені ретінде таптырмас сала екеніне тәжірибелік мысалдарын келтіріп өтті.
Арал теңізі, Балқаш көлі және Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін шешу бағытында жас ғалымдар мен белсенділердің жобалық-зерттеу қызметін ұйымдастыру арқылы ғылыми негізделген шешімдер әзірлеулеуді алға қоя отырып, студенттерді START UP жобалары аясында ғылымға үңілуге шақырып, төмендегідей жоспармен таныстырылды:
· Арал теңізін сақтау және қайта қалпына келтіру, Балқаш пен Каспийдің экожүйесін сақтау бойынша жобалар аясында жұмыс жүргізетін үш халықаралық жастар тобын құру;
· Аталған су айдындарының экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу және практикалық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
· Әртүрлі елдерден келген топ мүшелері арасында тәжірибе және білім алмасуды қамтамасыз ету;
· Табиғи ресурстарды сақтау мәселелеріне қоғам мен мемлекеттік органдардың назарын аудару.
Тыңдалым соңында студенттер үлкен қызығушылық танытып, мұндай іс-шараларды тұрақты өткізу қажеттігін атап өтті.