ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған әскери-спорттық жарыс

«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ әскери кафедрасында Кеңес Одағының Батыры, қаһарман қызымыз Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған әскери-спорттық жарыс өткізілді.

Іс-шараға 16 студент қыз қатысты. Жарыс келесі спорт түрлерінен тұрды:

  • Винтовканы бөлшектеу және жинау

  • Садақ ату

  • Пышақ лақтыру

  • Винтовкадан ату

Әр қатысушы жеке сынға түсіп, өздерінің дайындық деңгейін, мергендігі мен ептілігін көрсетті. Қорытынды бойынша жеңімпаздар мен жекелеген номинация иегерлері анықталып, арнайы марапаттар табысталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – батыр Әлияның ерлігін дәріптеу, жастарға патриоттық тәрбие беру және әскери-спорттық шеберлікті дамыту.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник