ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ KazNARU ӘСКЕРИ КАФЕДРАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ KazNARU ӘСКЕРИ КАФЕДРАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

2026 жылғы 13 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің өкілі, подполковник Баукен Олжаспен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – әскери кафедраның оқу-әдістемелік, тәрбие және ұйымдастыру бағытындағы жұмысымен танысу, сондай-ақ алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралар жоспары бойынша пікір алмасу.
Жиын барысында әскери кафедраның қазіргі жұмысы, білім алушыларды әскери даярлау сапасы, тәрбие жұмысының бағыттары және жоспарланған іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша әскери кафедраның атқарып жатқан жұмысына оң баға беріліп, алдағы бірлескен жұмыстар бойынша ұсыныстар айтылды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник