KazNARU СТУДЕНТТЕРІ «БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 13 мамырда Армия үйінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі, полковник Д. Бейсековтің басшылығымен «Біртұтас ел – біртұтас жер» тақырыбында патриоттық кездесу өтті.
Іс-шара қала жастары, оқушылар мен студенттер және Қарулы күштер ардагерлерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Кездесуге Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Әскери кафедрасының оқытушылары мен студенттері де қатысып, патриоттық тәрбие, ел бірлігі және ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында пікір алмасты.
Кездесу барысында қатысушыларға Отанға адал қызмет ету, мемлекет тұтастығын сақтау, ел бірлігін нығайту және жастардың қоғамдағы жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова қатысып, тарихи жады мен ұрпақ сабақтастығының маңыздылығын атап өтті.

.jpeg)
