ҚазҰАЗУ әскери кафедрасында Халықаралық әйелдер күніне арналған құттықтау
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің әскери кафедрасында Халықаралық әйелдер күні — 8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты құттықтау іс-шарасы өтті.
Кафедра басшылығы мен қызметкерлері әйел оқытушыларды және қызметкерлерді мерекемен құттықтады. Олардың кәсібилігі, жауапкершілігі, белсенді өмірлік ұстанымы және студенттердің әскери даярлығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін шынайы алғыс сөздер айтылды.
Іс-шара барысында ҚазҰАЗУ әскери кафедрасы болашақ запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау дәстүрін жалғастырып келе жатқаны, студенттерге патриотизм, тәртіп және Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыратыны атап өтілді.
Мереке барысында қатысушыларға зор денсаулық, амандық, кәсіби қызметте табыс және университет игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілінді.
Мерекелік көңіл-күй, жылы лебіздер мен шынайы құттықтаулар бұл күнді барлық қатысушылар үшін ерекше әрі есте қаларлық етті.






