16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік елім – менің!» атты кураторлық сабақ өтті
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «IT-технология» кафедрасының аға оқытушылары Медетбаева С.А. және Нұржаубаева Р.Б. «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 25-04 және 25-05 топтары студенттерімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік елім – менің!» атты тәрбиелік бағыттағы кураторлық сабақ өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің ұлттық рухын көтеру, елдік сана мен тарихи жадыны қалыптастыру, тәуелсіздіктің қадірін түсіндіру болды. Сабақ барысында қатысушылар ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік рәміздердің маңызы, желтоқсан оқиғасының тарихи орны және оның тәуелсіздік жолындағы рөлі туралы маңызды мәліметтермен танысты.
Кураторлық сабақта тақырыпқа байланысты бейнематериалдар, презентациялар көрсетіліп, студенттер өз көзқарастарын, пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар жастар шығармашылық өлең жолдарын оқып, іс-шараның рухани мазмұнын байыта түсті.
Бұл тәрбие сағаты студенттердің ел тарихына деген құрметін арттырып, ол ардың азаматтық позициясын қалыптастыруға ықпал етті..jpeg)
.jpeg)


