ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU-да ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ҰРАНЫ» АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ ӨТТІ

✅16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

✅Салтанатты жиында Басқарма Төрағасы – Ректор, ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА Президенті, академик Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев барша қатысушыларды мерекемен құттықтап, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық және геосаяси дамуына, сондай-ақ университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жобаларға ерекше мән берді. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының «Талап қыл артық білуге» деген өсиеті біздің білім беру стратегиямыздың басты ұстанымы екенін атап өтті. Ректор өз сөзінде университет студенттеріңің қазіргі уақытта «AI-Sana» және «Coursera» платформаларында білім алып, Чжэцзян технологиялық университетімен бірлескен «Жасанды интеллект» қос дипломды бағдарламасында тәжірибе жинақтап жатқанына тоқталды. Соңғы жылдары университеттің студенттік құрамы 20%-ға өсті, шетелден 1000-ға жуық жас келіп, білім алуда. «Цифрлық университет» және «Жасыл университет» тұжырымдамалары енгізіліп, QS-2025 рейтингінде университет әлемнің ТОП-700 қатарына кірді, Орталық Азияда 6-орынды иеленді. Ал алғаш рет THE WUR 2026 рейтингіне өтіп, Қазақстанның үздік 5 ЖОО-сының қатарына еніп отыр.

✅Алаштың айбынын асқақтатар айтулы мерекеде KazNARU-дың бірқатар ардагер ұстаздарына, профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлеріне мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың марапаттары табысталды.

✅Атап айтқанда, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президентінің атынан:

• Найля Базанова атындағы алғаш рет ғалым-әйелдерге арналған Ұлттық ғылым академиясының марапатымен – Керимова Укиляй Керимовна;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атынан:

• «Еңбек ардагері» төсбелгісімен - Актамбердиева Зауре Салкеевна;

• «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен -Олейченко Сергей Николаевич;

• Құрмет грамотасымен - Наушабаев Асхат Хамитович;

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің атынан:

• «Еңбек сіңірген орман өсіруші» құрметті атағымен – Байтасов Мұрат Омарович және Токтасынова Феруза Абетовна марапатталды.

✅Сонымен қатар, бір топ қызметкерлер университеттің Басқарма Төрағасы-Ректордың атынан «Айрықша еңбегі» төсбелгісіне, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарға ие болып, абыройлары асқақтады.

✅Кеш ұлттық рухты көтеретін әдеби-сазды қойылыммен жалғасты. Университетіміздің өнерлі жастарынан құралған «Univers» тобы, «Серпер» ұйымының домбырашылары, «WayB» және «ONE» би топтары, «Ұлы дала» квартеті мен тағы басқалары мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды. Студент жастар сахна төрінде ұлттық музыка мен заманауи өнерді ұштастырып, ел рухын асқақтатты. Осылайша әдеби- сазды кеш тәуелсіздіктің қадір-қасиетін, құндылығын дәріптеп, көрерменге ерекше патриоттық сезім сыйлады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник