ТӘРБИЕЛІК-ТАҒЫЛЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ
Ветеринария мамандығының 4 курс 22-03 тобы, 1 курс 25-14 тобының және аталған топтың тәлімгерлері профессор Қайрат Жәлелұлы Исхан, ветеринария ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Айгүл Кадырқызы Несіпбаеваның ұйымдастырумен ҚР-ның мемлекет және қоғам қайраткерілері, белгілі ақын-жазушымен Ұлықбек Есдәулет, Ахмет Тоқтабай, Марат Тоқашбаев, Бөрібай Жексембин, Бигелді Ғабдуллин, Сәуірбек Рузулдиновтармен тәлім-тәрбиелік, тағылымдық кездесудің іс-шарасы өтті. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, жылқы шаруашылығын зерттеуші белгілі ғалым Шөнке Дәулет Ізбасарұлының авторлығымен шыққан «Ізім өшпесін» атты кітаптың таңыстырылымы болды.
Поэзиясында елі мен жерінің тағдырына алаңдаған қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулеттің білім алушылардың жанын тебірентер, көкірегіне сәулесін себер жырларын, сан қырлы әлеуметтік-қоғамдық тіршіліктің құбылыстарын өз сөзімен өлеңдерін өзгеше өрнектеп студенттерге ерекше сарында жеткізді.
Этнограф, тарих ғылымдарының докторы, жылқы тарихын зерттеуші ғалым Ахмет Тоқтабай өз сөзінде «Қазақ пен жылқы – егіз ұғым. Ең алдымен, қылқұйрықты қолға үйретіп, бірінші болып тізгінмен басқарған қазақ екенін әлем жұртшылығы мойындап қойған. Біз – ат үстінде өмір сүрген халықпыз. Басқа кейбір халықтар жаяу жүріп, жаяу тіршілік кешкен болса, біз ат үстінде жердің барлығын жаулап, жүздеген, мыңдаған километрлерді еркін бағындырдық. Сондықтан ата-бабаларымыздың ақыл-ойы ұшқыр, жоғары, ой өрісі кең болды. Жылқы бізге тек көлік қана емес, сүт, ет, өмір көзі болды деп жылқы мәдениетіне терең тоқталды.
.jpeg)
Бөрібай Биқожаұлы Жексембин «Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын» бітіргенен кейін бас зоотехник, кеңшар директоры, облыс әкімі, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне дейін өткен жолдары туралы білім алушыларға терең мағанада жеткізді.
Белгілі жазушы, журналист «Жаңа ұрпақ», «ХХІ ғасыр», Central Asia Monitor республикалық басылымдарының бас редакторы, Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин қоғамдық-саяси тақырыптар мен ұлттық бірлік мәселелеріне тоқталады. Кездесу барысында ол өзінің шығармашылық жолы туралы әңгімелеп, сөз құдіреті, тарихи жады және заманауи сын-қатерлер туралы ойларымен бөлісті.
Марат Тоқашбаев негізінен қоғамдық-діни және тарихи тақырыптарды қамти отырып, журналистік қызметі мен қоғам қайраткері ретіндегі тың мәселелерді қозғады.

Университетіміздің білім алушылары ойларындағы әр-түрлі сұрақтарды қойып, ҚР-ның мемлекет және қоғам қайраткерілері мен жазушыдың көрнекті шығармаларын талқылап, тарих пен әдебиет, ауыл шаруашылығы әлеміне сапар шегіп, терең мағанада тағылым алды.
Ұйымдастырушылар: ВМ-22-03 тобы кураторы Исхан Қ.Ж., 25-14 тобы кураторы Несипбаева А.К. 16 ақпан 2026 жыл.
.jpeg)