ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

КӨКТЕМ – ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРШЫСЫ

17 ақпанда 2026 жылы «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы Сағымбек Ф.Ғ. және 1 курс «7М05102-Биотехнология» мамандығының магистранттары ұйымдастырған «Наурыз – береке бастауы» тақырыбындағы іс-шара өткізді.
Шараның негізгі мақсаты – көктем мезгілінің табиғи және рухани жаңару символы ретіндегі мәнін ашу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және жас ұрпақтың санасында дәстүр сабақтастығын қалыптастыру болды.
Кеш барысында көктемнің келуімен бірге табиғаттың түлеп, тіршіліктің қайта жанданатыны туралы айтылып, бұл құбылыстың адам өмірімен тығыз байланысы ғылыми-танымдық тұрғыда түсіндірілді. Сонымен қатар Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің тарихи және мәдени маңызы кеңінен талқыланды. Наурыз – тек мереке ғана емес, татулық пен бірліктің, мейірім мен ізгіліктің бастауы екені атап өтілді.
Іс-шара аясында дәстүрлі Наурыз көженің дайындалу ерекшелігі мен оның жеті түрлі дәмнен құралатыны, әрбір құрамының символдық мәні (ырыс, береке, денсаулық, молшылық, өсіп-өну) жан-жақты баяндалды. Бұл тағамның халықтық дүниетанымдағы орны мен тәрбиелік маңызы ерекше екені көрсетілді.
Шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер насихатталып, қатысушылар арасында еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Жылы атмосфера мен бірлік рухы кештің мазмұнын одан әрі байыта түсті.
Аталған іс-шара магистранттардың шығармашылық белсенділігін арттырып қана қоймай, рухани жаңғыру мен ұлттық мәдениетті дәріптеуге бағытталған маңызды қадам болды.
 
«Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының
аға оқытушысы Сағымбек Фатима Ғабитқызы
---------Chatbot---------
виртуальный помощник