ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

БІЛІМДІДЕ БІЛІКТІ ЖАСТАР – ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ

20 ақпанда 2026 жылы «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының профессор оқытушы құрамы Кулатаев Б.Т., Қадыкен Р., мен МШ 24-02 – топ студенттерімен Ғылымға жол ашуды насихаттаудың маңыздылығы мен болашағына арналған іс-шарасы өткізілді.
Ғылымға жол ашуды насихаттау – жастардың функционалдық сауаттылығын арттырып, креативті ойлауын дамытатын, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті нығайтатын маңызды қадам.
Ғылыми жетістіктер қазіргі әлемнің іргетасына айналды. Тікелей ғылымның арқасында адамзат мал шаруашылығында, биотехнологияда,  технологияда және ауылшаруашылығын цифрландыруда көптеген жетістіктерге жетті.
Алайда, барлық жастар ғылымның күнделікті өміріндегі маңыздылығын түсінбейді. Бүгінгі таңда болашақтың сын-қатерлеріне дайын ұрпақ қалыптастыру үшін ғылымды жастар арасында кеңінен насихаттауға назар аудару бұрынғыдан да маңызды.
Ғылымды насихаттау-бұл күрделі ғылыми идеялар мен жаңалықтарды кең аудиторияға қол жетімді тілде жеткізуге бағытталған процесс.
Жастар ертеңгі қоғамның негізі бола отырып, ғылымның маңыздылығын түсініп, осы тұрғыда өз орнын түсінуі керек. Ғылыми білімге негізделген білім жастарға сыни ойлауды дамытуға, негізделген шешімдер қабылдауға және жаһандық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан келешек ұрпағымызды білімді, білікті, бәсекеге қабілетті етіп тәрбелеу – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі.
Іс шара барысында керемет баяндама мен қатысушыларға тест ретінде ойын ұйымдастырылды, студенттердің өте жоғары қызушылық пен белсенділіктерін көрсете білді.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім мен ғылым негізі университетте қаланатын болғандықтан, білім алушылардың жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі профессор оқытушы  қауымының алдындағы үлкен мақсат – өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген, білімді, дағдыларды меңгеретін, шығapмaшылық бaғыттa жұмыс iстeйтiн, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру және тәрбиелеу.
 
Топ кураторы «Зооинженерия және биотехнология»
кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қадыкен Р.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник