ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Әскери кафедра мен Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинология орталығының қызметкерлерінің қатысуымен кинолог мамандарын даярлау бойынша брифинг өтті

2025 жылғы 27 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Әскери кафедрасында кинолог мамандарын даярлау мақсатында брифинг өткізілді. Іс-шараға Әскери кафедра бастығы полковник Еркін Корабаевич Адильбеков, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинология орталығы басшысының орынбасары Марат Таджимуратович Күмісбаев, Кинология орталығының мамандары, сондай-ақ Әскери кафедра офицерлері мен қызметкерлері қатысты.

Брифинг барысында Қызметтік иттерді арнайы даярлау бөлімінің басшысы Рүстем Рашидович Байгуданов және бөлімнің бас маманы Жеңіс Мұратұлы Құлыбеков қызметтік иттерді қолдану әдістерін тәжірибе жүзінде көрсетті.

Іс-шара барысында қызметтік иттерді пайдалана отырып, есірткі, жарылғыш заттар және таңбаланған ақша банкноттарын іздестіру тәжірибесі жүргізілді. Бұл іс-шара студент жастар арасында есірткі саудасына, оны қолдануға және парақорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шараларды насихаттауға бағытталған.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник