Жаңа Қазақстан: Конституциялық реформаның басты басымдықтары
2026 жылы 14 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан: Конституциялық реформаның басты басымдықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – еліміздің Жаңа Конституциясы тек құқықтық құжат ретінде ғана емес, қоғам дамуының, азаматтық сананың және мемлекеттік құндылықтардың негізі ретінде қарастыру болды.
Дөңгелек үстелге тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А.Ш.Ералиева, «Құқық кафедрасының» қауым.профессоры, з.ғ.к. М. Бейсенбаева, «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының қауым.профессоры с.ғ.к., Б.Т. Куппаева, аға оқытушылар Л.Б. Нурбаева, Н.Б. Тәуекелова, с.ғ.к., З.И. Ашимова және университеттің түрлі факультеттерінен студенттер қатысты.
Дөңгелек үстел аға оқытушы Л. Б. Нурбаеваның кіріспе сөзімен ашылып, Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту және құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту тұрғысынан өзектілігі атап өтілді.
«Құқық кафедрасының» қауым.профессоры, з.ғ.к. М. Бейсенбаева сөз алып, Конституцияның елдегі заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызын атап өтті. Студенттерге Конституцияны білу – тек өз құқықтарын ғана емес, сонымен қатар міндеттерін түсінуге мүмкіндік беретіні айтылды. Сондай-ақ, Конституцияның тәрбиелік маңызына ерекше назар аударылды. Ол жастарды заңға құрметпен қарауға, жауапкершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызды құралы ретінде бағаланды. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, студенттер өз пікірлерін еркін білдіріп, талқылауға белсенді қатысты. Бұл олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және саяси мәдениетін арттыруға ықпал етті.







.jpeg)