Идеядан табысқа: «Maltabu.kz» негізін қалаушымен кездесу өтті
2026 жылғы 15-сәуірде ҚазҰАЗУ-дың Ветеринария және зооинженерия факультетінде Жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы, Phd Ш.Т. Жанысбекованың ұйымдастыруымен дәстүрлі ауыл шаруашылығын заманауи технологиямен ұштастыра білген кәсіпкер, ауыл мен қаланы байланыстыратын цифрлық көпір орнатқан, «Maltabu.kz» сайтының негізін қалаушы, кәсіпкер Ербол Абдрайымовпен кездесу өтті. Іс-шараға 25-01, 25-04, 25-05 топ студенттері қатысты. Кездесудің тақырыбы: «Идеядан - нарық көшбасшысына дейін». Кездесу барысында «Maltabu.kz» қазақ тілінде әзірленген алғашқы сайттардың бірі екендігі, платформаның құрылу тарихы, идеяның қалыптасу кезеңдері, ауыл шаруашылығы саласына цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығы туралы кеңінен баяндалды. Сайт құрылтайшысы өзінің кәсіпкерлік жолдағы тәжірибесімен бөлісіп, қатысушы студенттерге бәсекеге қабілетті маман болу үшін жасанды интеллектіні игеру және сапалы білім алу керек екендігін ерекше қадап айтты.
Іс-шара еркін форматта ұйымдастырылып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Сондай-ақ, кездесу барысында студенттердің шығармашылық өнері де көрсетілді. 25-04 тобының студенттері Қалым Бақжан М. Мақатаевтың «Қазақстаным», Қасымбай Нұрқанат Ә. Кекілбаевтың «Қызғыштың әні» шығармаларынан үзінді оқыды. Аталған кездесу студенттердің кәсіби бағдарын айқындауға, қазақ тілін цифрлық кеңістікте дамытуға деген жауапкершілігін күшейтуге ықпал етті.
Кездесу соңында ұйымдастырушылар тарапынан қонаққа алғыс білдіріліп, естелік сыйлық табысталды.
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

