Халықтар достығы мерекесі
2026 жылдың 22 сәуір күні Агробиология факультеті, 1-курс студенттерімен «Береке бастауы – бірлік» сазды бағдарлама өтті. Бұл кешке университетте оқитын әр түрлі ұлт студенттері қатысты.
Кеш жүргізушісі Агробиология факультеті, Экология-25-06 тобының студенті Жарылқасын Ұлжан 1 мамыр мейрамының әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі екендігін, елімізде 150-ге жуық ұлт өкілдері тату-тәтті тұратындығын атап өтті.
Бағдарламаның шымылдығын Агробиология факультеті, Экология-25-05 тобы, 1-курс студенттерінің орындауындағы «Қазақ биі» ашты. Мың бұрала билеген биші қыздардың әсем нақыштары бейбіт аспанның астында шат-шадыман болып, білім нәрімен сусындап жүрген бақытты жастардың күйін шынайы танытты.
Жүргізуші ұлттардың татулығын, ұлыстардың бірлігін жырға қоса отырып, сахна төріне өзбек әні «Болайық бірге!» әнін тыңдауға шақырды. Ойнақы жеңіл әрі көңілді әуенді нақышына келтіре орындаған Экология-25-05 тобының студенттері Болатов Елдос пен Даулет Айжанның өнеріне білім алушылар дән риза болып, қошаметпен қол соқты.
Бұл кеште тек өз студенттерімізден басқа кеше ғана туысқан Түркіменстанннан келіп, оқып жатқан студенттер де өнерден құр алақан емес екендігін көрсетті. Су шаруашылығы факультеті, ИС-25-07 тобының студенттері Гурбанбаева Айпері, Чанлыева Гулола, Абдуллаева Камиланың орындауындағы «Білезік» биі, ИС-25-07 тобының білімгері Палтабаев Азиздің орындауындағы «Әзиз Ватаным» әні көпшілік көңілінен шығып, қошаметке бөленді.
Кештің тартымды өтуіне атсалысқан Экология-25-06 тобының студенті Жуашева Аяулымды, Экология-25-05 тобының білім алушылары Ынтымақ Арайлым, Жанаәбіл Толғанайларды ерекше атап айтқымыз келеді.
Жастар осы кеште Қазақстан сияқты мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір екендігіне, көп ұлттар өкілдерімен сыйласып, қатар тұрып жатқанымыздың негізі – бірлік екендігіне көз жеткізді.
Ал осы кешті ұйымдастырған, кештің көңілді өтуіне жетекші болған «Жалпы білім беру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Сәулебекқызы Копбаева мен қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Баянды Рамазанқызы Оспанова болды.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

