Студенттер арасындағы кибербуллингтің алдын алу: психологпен ашық диалог
2025 жылғы 20 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының УВР-24-01К және УВР-24-02К топтарының бірлесуімен ұйымдастырылды (кураторлар: Жақыпова Ж.З. және Қалиева К.Е.).
Кездесуге университет психологы Мыңбай Әлішер Бекболұлы арнайы шақырылды. Іс-шара барысында кибербуллингтің алдын алу, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, студенттерге психологиялық қолдау көрсету және білім беру ортасында өзара сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру мәселелері талқыланды.




Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті және цифрлық ортадағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша пайдалы кеңестер алды. Сонымен қатар, психологиялық қауіпсіздік, өзара құрмет және интернет желісіндегі жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шаралар студенттердің құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ университетте қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
