KazNARU

ҚазҰАЗУ-ға Халықаралық Clarivate Analytics (Web of Science) компанияның өкілі келді

2023 жылғы 17 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-РекторДЫҢ бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов Clarivate Аnalytics (Web of science) халықаралық компаниясының Орталық Азиядағы ресми өкілдері Массимилиано Берзо (Massimiliano Bearzot) мен Ләззат Мұқашевамен кездесті.

✅ Web of Science (WoS) халықаралық ғылымометриялық базасы – өнер,

жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндер саласындағы ақпаратты жылдам іздеуге және талдауға мүмкіндік беретін беделді Біріккен алаң. Өнімді әзірлеуші –Thomson Reuters. Медиа-компания 2016 жылдың күзінде ресурстарды басқару құқығын тәуелсіз Clarivate Analytics-ке берген болатын.

Ғылымның ең ірі іздеу желісі конференция материалдарын, монографиялар мен патенттердің мазмұнын қоса алғанда, жарияланған ғылыми зерттеулердің рефераттық базаларын біріктіреді. Жүйе пайдаланушылары ең беделді мерзімді және басқа да әлемдік басылымдар шығарған әлемдік ғылым мен технологияның ең маңызды жетістіктеріне қол жеткізе алады.

✅ Кездесу барысында Web of Science дерекқорындағы импакт-фактор бойынша Q1, Q2 квартильге кіретін рецензияланатын ғылыми басылымдарда мақала жариялау үшін Clarivate Аnalytics халықаралық компаниясының өкілдері тарапынан көмек көрсетудің өзекті мәселелері, сондай-ақ университет ғалымдары арасында жарияланым белсенділігін күшейту және арттыру мәселелері талқыланды.

✅ Кездесу соңында қонақтар жалпы ғылымның, Clarivate Аnalytics компаниясы мен университет арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, ҚазҰАЗУ басшылығына сындарлы және пайдалы кездесу үшін алғыс білдірді.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

​​​​​​​

---------Chatbot---------
виртуальный помощник