KazNARU

ҚазҰАЗУ базасында РОӘК ОӘБ «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» кадрларды даярлау бағыттары бойынша отырысы өтті

2023 жылдың 17 қарашасында «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» кадрларды даярлау бағыттары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің (ОӘБ) мәжілісі онлайн/оффлайн форматта өтті.

Мәжіліске еліміздегі 24 жоғары оқу орнынан онлайн форматта 120, офлайн форматта 50 ОӘБ-ЖБТ мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми зерттеу институттарынан және кәсіпорнындардан ОӘБ құрамының осы оқу жылындағы жаңартылған мүшелері қатысты.

✅ Мәжілісте РОӘК ОӘБ Төрағасының орынбасары, ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректордың орынбасары, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы модераторлық жасады.

✅ ОӘБ отырысында бірлестіктің жаңартылған құрамы, жұмыс жоспары, «Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу-әдістемелік кеңесінің және оқу-әдістемелік бірлестіктердің кадрлар даярлау саласындағы қызметі туралы ереже» жобасы, сонымен қатар «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кадрларды даярлау бағыттары бойынша ҚР ҒжЖБМ грифін алуға ұсынылған оқу басылымдары талқыланды.

Бұл маңызды іс-шара ЖОО-лардағы және басқа ғылыми ұйымдардығы оқу-әдістемелік бірлестіктерінің қызметін үйлестіру, аграрлық білімнің сапасын арттыруға бағытталған.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник