ҚазNARU-дың ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМДАРЫ
2024 жылы жаңғырған Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясында 8 академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысады.
✅ ҚазNARU өмірінде соңғы уақытта білім беру мен ғылымды дамытуға байланысты үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Университет басшылығының алға қойған басты мақсаты – жаңа заман талабына сай жаңғырған, ғылыми-зерттеу бағытындағы халықаралық деңгейдегі университет атану. Ол үшін, ең алдымен, ЖОО-ның әлемдік білім беру бағдарламаларын терең меңгерген бәсекеге қабілетті мықты кадрлары болуы тиіс.
Мықты кадрлар халықаралық қауымдастықта ҚазNARU-дың мәртебесін көтеру, ғылым мен білім беру саласында, агроөнеркәсіптің өзекті мәселелері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, жаңа технологияларды трансферт жасау, оны өндіріске енгізу және бәсекеге қабілетті мамандарды бірлесе даярлау мүмкіндіктерінің аясын кеңейтуге ықпал етеді.
✅ Осыған орай, ҚазNARU өзінің әріптес университеттермен бірге 2024 жылы профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлықпен төмендегідей шетелдік озық ЖОО-ларда білімін шыңдап, тәжірибе алмасатынын хабарлайды.
1) UNIVERSITAET FUER BODENKULTUR WIEN, Австрия;
2) EESTI MAAULIKOOL, Эстония;
3) LIEPAJAS UNIVERSITATE, Латвия;
4) Universitatea de Stiintele Vietii "Regele Mihai I" din Timisoara, Румыния;
5) SULEYMAN DEMIREL UNIVERSITY, Түркия;
6) Isparta University of Applied Sciences, Түркия;
7) SAKARYA UYGULAMALI BILIMLER UNIVERSITESI, Түркия;
8) Burdur Mehmet Akif Ersoy University, Түркия.
✅ Университетіміздің Халықаралық Кеңсесі әріптестер арасындағы тапсырыстар негізінде профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды осы берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланып, Erasmus+ KA171 академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысуға шақырады.
ҚазNARU Баспасөз қызметі