KazNARU

ҚазNARU СТУДЕНТТЕРІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ «ТИАШМИИ» ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ САБАҚТАРЫНА КІРІСТІ

Бұл туралы бүгін, 2024 жылдың 04 ақпанында Ташкенттен хабарласқан ҚазNARU «Су ресурстары және мелиорация кафедрасының меңгерушісі», профессор Ермеккүл Жапарқұлова сүйіншілеп жеткізді.

✅ Екі ЖОО арасында өзара жасалған келісімшарт бойынша университетіміздің «Су, жер және орман ресурстары» факультетінің 15 бірінші курс студенттері өткен сенбіде Өзбекстан астанасына табан тіреді.

«Біздерді «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ғылыми зерттеу университетінің басшылығы өте жылы-шыраймен қабылдап, жайлы да жарық жақатханаға орналастырды. Бүгін студенттеріміз «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша «Гидротехника құрылысы» факультетіндегі алғашқы дәрістерін бастап кетті. Орта Азиядағы су мамандарын даярлайтын ең алдыңғы қатарлы, жетекші оқу ордасының басшылары қазақстандық студенттердің білімдерін жетілдіруге үлкен қолдау көрсетіп отырған ҚазNARU ректоры, ҚР ҰҒА Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлына өз ризашылықтарын жеткізуді сұрады», - дейді Ермеккүл Дүкенқызы.

✅ Еске сала кетейік, өткен 2023 жылдың 25 сәуірінде ҚазNARU мен «ТИАШМИИ» ҒЗУ арасында бәсекеге қабілетті су шаруашылығы мамандарын бірлесе даярлау, инновациялық ғылыми технологияларды бірлесе әзірлеу бойынша «Жол картасы» талқыланып рәсімделген болатын.

✅ Жоғары білім беру мен ғылым саласындағы екіжақты халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған бұл жоба студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын жоғарлату, екі дипломдық бағдарламаны іске асыру, ҚазNARU базасында «ТИАШМИИ» ҒЗУ филиалын құру сияқты маңызды қадамдардың алғышарты болып табылады.

ҚазNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник