KazNARU

05 сәуірде 8D073 Сәулет және құрылыс бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті

2024 жылғы 05 сәуірде сағат 15:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D073 Сәулет және құрылыс (6D090300 – Жерге орналастыру, 6D090700– Кадастр мамандықтары; 8D07308 - Жерге орналастыру, 8D07309 – Кадастр білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Анарбаев Ермек Ахметовичтің «Ауылшаруашылық жерлердің пайдалану ерекшеліктерін ескере отырып, сапалық жағдайын бағалау және зерттеу (Түркістан облысы мысалында)»  тақырыбындағы 6D090700 – «Кадастр» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау өтті.

8D073 Сәулет және құрылыс кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №2 хаттамасы негізінде Анарбаев Ермек Ахметовичке философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.