KazNARU PhD ДОКТОРАНТЫ ЖАДЫРА МУСЛИМОВА МЕМЛЕКЕТТІК «ЖАС ҒАЛЫМ» ЖОБАСЫНЫҢ ИЕГЕРІ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде көптеген жас ғалымдарымыз инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысып келеді. Сондай жас таланттың бірі – Қазақ ұлттық аграрлық зертету университеті «Ветеринария» факультеті, «Акушерлік хирургия және өсіп-өну биотехналогиясы» кафедрасының PhD докторантты Муслимова Жадыра Өмірбеккызы.
Ол жақында өзінің университеттегі бес әріптесімен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасының иегері атанды.
2023 жж. 8D09101- Ветеринарлық медицина білім беру бағдарламасы бойынша докторантураны оқып бітірген Жадыра Өмірбеккызы университеттегі ғылыми қызметінде өзін жақсы қырынан таныта білді. Жемісті еңбегінің нәтижесінде «Акушерлік хирургия және өсіп-өну биотехналогиясы» кафедрасында орындалып жатқан бірнеше жобаларды сәтті орындап шықты.
Атап айтқанда:
2020 - 2023 жж. AP09057988 - «Ірі қара малында жасырын генетикалық мутацияларды балау әдістерін ойлап табу және тұқымқуалайтын кемтарлықтарды жою үрдісін басқару» тақырыбы бойынша;
2022 - 2025 жж. AP19674808-«Толықгеномдық секвенирлеуді пайдалану арқылы Қазақстандық жергілікті тұқымдық ірі қара малының генетикасын зерттеу және генетикалық паспорттарын жасау» тақырыбы бойынша;
2023 - 2025 жж. AP19677892 «Тұтасгеномдық секвенирлеуді қолдана отырып, Қазақ тұқымды жылқылардың генетикалық әртүрлілігін бағалау және сақтау» тақырыбы бойынша жоба орындаушысы болып, жоспарланған ғылыми зерттеулерін абыроймен жүзеге асырып, ғылыми ортаның жақсы бағасына ие болды.
Жас ғалымның Web of Science және Scopus деректер базасына енгізілген халықаралық беделді журналдар мен республикалық басылымдарда 40-тан астам ғылыми жарияланымдары, оның ішінде оқулықтар мен оқу құралдары жарық көріп, 16 ұлттық патенттің авторы атанды.
Жадыра Муслимова AP22682970 «Сүт бағытындағы сиырларда, сүттің құрамындағы соматикалық торшалардың мөлшерімен байланысты SNP полиморфизмдерді зерттеу» тақырыбында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпаздары қатарынан көрініп, университеттің де абыройын көтерді.
Жобаның негізгі мақсаты: Голштеин және Джерси сиырларының маститке төзімділігімен және сүттегі соматикалық жасушалардың құрамымен байланысты SNP полиморфизмдерін зерттеу, L-селектин, MX1, TLR4, CXCR1, BRCA1, CD14, ATP1A1 генінің локустарын генотиптеу әдістерін оңтайландыру, нақты уақыттағы ПТР әдісімен генотиптеу.
KazNARU Баспасөз қызметі.