KazNARU ҒАЛЫМДАРЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА БАСТАДЫ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (IOFS) және Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымымен (ISESCO) бірлескен "Ақылды ауыл шаруашылығы, жарқын болашақ: зияткерлік ауыл шаруашылығын енгізу" тақырыбында конференция ұйымдастырылды.
Шара KazNARU Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Пірімқұл Ибрагимов, Ислам әлемі ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ғылым және қоршаған орта секторының сарапшысы Адель Смеда, Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының бірінші хатшысы Б. Қойшыбаев және Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының жобалық кеңсесінің басшысы Исмаил Абдельхамидтің алғы сөзімен басталды.
Bio & Agri-Tech Development IOFS стратегиялық бағдарламасы аясында IOFS ауыл шаруашылығындағы озық технологияларды пайдалануды кеңейтуді мақсат етіп отыр. Бұл жоба Орталық Азияда Ауыл шаруашылығын дамытудың тұрақты әдістері үшін жасанды интеллекті (ЖИ) және заттар интернетін (IoT) ілгерілетуге бағытталған.
«Интелектуалды ауыл шаруашығы тұрақты даму мақсаттарына ерекше серпін береді. Оның ішінде суару жүйелерін оңтайландыру және су шығынын азайту арқылы суды тұрақты басқаруға жәрдемдесу, ауылшаруашылық технологиялары секторында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы лайықты еңбек пен экономикалық өсуді қолдау, химиялық заттарды пайдалануды мен қалдықтарды азайту арқылы жауапты тұтыну мен өндірісті ынталандыруға әсері бар. Тіпті егіншіліктің дәл әдістері арқылы парниктік газдар шығарындыларын азайту арқылы климаттың өзгеруі мәселесін де шешеді», - деп атап өтті Пірімқұл Ибрагимов.
Өз кезегінде Исмаил АбдельХамид бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында күзгі мезгілден бастап келер 2025 жылдың көктеміне дейін қолданбалы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін интернет заттары датчиктерімен және желілік технологиялармен жабдықталғанына тоқталды. ICESCO-мен бірлесе атқарылған істің алғашқы нәтижелерін KazNARU ғалымдары 2025 жылдың тамыз айына дейін байқамақ.
«Жоба 6 айға жалғасады, әрі Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де фермерлерді, студенттерді, зерттеушілерді және ауыл шаруашылығы секторындағы басқа да мүдделі тараптарды қолдау үшін ашық зертхана ретінде әрекет етеді. Мұндағы басты мақсатымыз - біздің мүше мемлекеттеріміз арасында неғұрлым тұрақты, тиімді және экологиялық таза болашақ құруға бағытталған ақылды ауыл шаруашылығы жоспарын құру", - дейді Адель Смеда.
Ақылды ауыл шаруашылығы – бұл ауылшаруашылық салаларын барынша автоматтандыруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық шешімдер кешені. Осы істің нәтижесінде KPI жоғарылайды, өнімнің сапасы мен саны жақсарады және өндіріс экономикалық тұрғыдан тиімді болады.
Ақылды ауыл шаруашылығының болашағы тікелей IoT платформаларында жатыр. Оның көмегімен мамандар саланы одан әрі дамыту үшін нақты, әрі дұрыс шешімдер қабылдай алады.
Конференцияға Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан ғалымдары қатысты.
KazNARU Баспасөз қызметі