KazNARU

KazNARU ҰЖЫМЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУҒА ҚАТЫСТЫ

✅2024 жылғы 17 қазанда сағат 10.00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің әкімшілік қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері жоспар бойынша жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға қатысты.

✅Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша жетекші маман Ерлан Молдағұлов мұндай жаттығулар төтенше жағдайлар кезінде персоналдың дағдылары мен іс-қимылдарын үйлестіру, жер сілкінісі кезінде азаматтардың дұрыс іс-қимылға дайындығын арттыру мақсатында жүргізіліп отырғанын атап өтті.

✅Сейсмикалық жаттығудың мақсаты - адамдарды эвакуациялау, зардап шеккендерге көмек көрсету, жер сілкінісінің салдарын жою бойынша іс - қимылдарды пысықтау.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник