KazNARU

KazNARU ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ТЕҢГЕ КҮНІН ТАҒЛЫМДЫ ІС-ШАРАМЕН АТАП ӨТТІ

✅2024 жылдың 14 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Бизнес және құқық жоғары мектебі "Есеп, аудит және қаржы" кафедрасының меңгерушісі Е. Н. Несіпбековтің және профессор-оқытушылар құрамы Ж. К. Тәттімбетова, М. Т. Баймолдаева, Ж. Т. Найманованың жетекшілігімен және "Қаржы" БББ 4 курс білім алушыларымен бірлесе отырып ұлттық валюта - күніне арналған "Теңгенің пайда болу тарихы: шындықтар мен перспективалар" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

✅Аталған іс-шараның мақсаты – ұлттық валюта - теңгені енгізу тарихы мәселелерін талқылау, студенттердің Қазақстанның ақша және банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы саласындағы білімдерін бекіту, экономикалық ой-өрісін кеңейту.

✅Дөңгелек үстелге қаржы – банк саласының жетекші мамандары шақырылды:

1. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің бас сарапшысы - Ғаділбек Әкім.

2. "Банк омбудсманның кеңсесі" жеке мекемесінің банк омбудсманның кеңесшісі - Ибрагимов Руслан Фархатұлы.

3. "Банк Центр Кредит" АҚ тәуекел талдаушысы Болукбаш Сәуле Оразқызы.

✅Дөңгелек үстел барысында теңгенің енгізілу тарихы туралы бейнефильм көрсетілді, Әкім Ғаділбектің "Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру", Р.Ф. Ибрагимовтың "Қазақстандағы банк омбудсман институты", С. О. Болукбаштың "Банктер практикасындағы тәуекел - менеджмент" тақырыбында баяндамалары тыңдалды.

✅2, 3 курс білім алушыларының арасында "Блиц – сауалнама", "Мозайка", "Калейдоскоп", "Эрудит", "Әлем бойынша саяхат" зияткерлік ойындары өткізілді.

✅Бұл іс-шара қаржылық сауаттылықты арттыруға, білімді тереңдетуге және кәсіби әлеуетті дамытуға ықпал етті.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник