KazNARU

KazNARU АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ТАМАҚ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІН КӨП КҮНДІК ІС-ШАРАЛАРМЕН АТАП ӨТТІ

✅Жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде елімізде «ҚР ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесі аталып өтеді. Дәстүрлі мейрам қарсаңында Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің бастамасымен «Менің мамандығым - менің болашағым» тақырыбында іс-шаралар онкүндігі өткізілді.

✅Мерекелі іс-шаралар тізбегінің мақсаты - білім алушылардың кәсіби бағыттарын айқындау, таңдаған мамандыққа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру, өз саласының салмағын түсіндіріп, білімін тереңдету және кәсіби мерекені мереймен атап өту.

✅Шынында, ауқымы кең ауылшаруашылығы саласы еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруда ерекше маңызға ие. Содан да болар, онкүндік іс-шараға университетіміздің бар факультеті белсенді қатысты. Академиялық топтарда танымал түлектермен кездесу кештерін, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметкерлерінің қатысуымен семинар-тренингтер, кураторлық сағаттар, мамандықты таныстыру презентациялары, дөңгелек үстелдер, сайыстар, пікірталастар, шеберлік сыныптары өткізілді.

✅«Менің мамандығым - менің болашағым» тақырыбы аясында өткізілген әр факультеттегі мазмұнды шараларды тізбектеп айтсақ:

✅«Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінде «Менің мамандығым - менің болашағым» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге Іле Алатау ұлттық паркінің жетекші қызметкерлері арнайы келіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

✅Ал, Бизнес және құқық жоғары мектебінде интеллектуалды ойындар сайысы және мамандықтар жөніндегі білім жарысы-конкурсы ұйымдастырылды.

✅«Ветеринария және зооинженерия» факультеті - ветеринария саласында үлкен жетістіктерге жеткен жас ғалымдармен еркін форматта сұқбат өткізді.

✅«Инженерлік технологиялар» факультетінде танымал түлектеріміз - «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығының» жетекші мамандары қонақта болды.

✅«Агробиология» факультетінің 1 курс студенттері кәсіби мерекеге орай «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы көрмесіне барып қайтты.

✅Сондай-ақ, білім алушы болашақ эколог студенттер қазіргі таңда «Газпромнефть» Қазақстан операциялық компаниясының экологиялық қауіпсіздік бөлімінде және «Экосервис» ЖШС мекемесінде қызмет атқаратын факультеттің түлектерімен кездесіп, пікір алмасты.

✅Ұйымдастырылған іс-шаралардың барлығы болашақ мамандыққа қажетті құзыреттілікті кеңейту, ауыл шаруашылығы мамандары қызметінің маңыздылығын, түсіндіру, кәсіби біліктілігі мен дағдысын дамытуды көздейді.

✅Еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру – стратегиялық міндет. Ал оның дамуына ықпал ету – университетте дайындалатын болашақ мамандарға да байланысты.

Кәсіби мереке құтты болсын!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник