KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІНЕ МАМАНДЫҚҚА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКТІ АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА КӨШПЕЛІ САБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу унвиерситеті 6В07208 - "Қайта-өңдеу өндірістерінің технологиясы" білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттері, яғни, ТПРП-21-11К, ТПРП 21-12Р топтары Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтында ұйымдастырылған "Қамыр илеу типтері мен рецептурасы" тақырыбындағы көшпелі сабаққа қатысты. Дәрісті "Макарон өндірісінің технологиясы" пәні бойынша Д. Нұрдан өткізді.

✅Көшпелі сабақ студенттердің таңдалған мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, макарон өндірісінің технологиясын тану саласында терең ғылыми білімді меңгеруді, технологиялық жабдықтарды көрнекі көрсету мақсатын көздейді. Студенттер макарон өндірісінің технологиясы түрлері мен жіктелінуі, технологиялық процестің әртүрлі бөлімінде жүретін физика-химиялық, микробиологиялық негізі туралы, шикізаттар мен дайын өнімдердің қасиеттерін бағалау бойынша, тағамның құндылығын арттыру тәсілдерін игеріп, өте пайдалы, қызықты және көлемді ақпарат алды.

✅Осы орайда Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының әкімшілігіне студенттеріміздің "Нан пісіру технологиясы зертханасында" макарон жасайтын қондырғыны қолдануға қолайлы жағдай жасағаны үшін алғысымыз шексіз. Сонымен қатар зертхана меңгерушісі Жумалиева Гульжан Ералиевнаға, аға ғылыми қызметкері Актокалова Гульнара Сундетбаевнаға ризашылық ілтипатымызды білдіреміз.

✅"Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері" ҒЗИ-ның Нан пісіру технологиясы зертханасындағы тағлымды дәріске топ студенттерін жеткізуге 30 адамдық транспортпен қамтамасыз еткен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне де айтар алғысымыз мол.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник