Құрметті әріптестер, студенттер және біздің сайттың қонақтары!
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы» сайтына хош келдіңіздер!
Жоғары оқу орнындағы дене шынықтыру болашақ маманның жеке басының жалпы және кәсіби мәдениетін қалыптастыру жөніндегі ұлттық бағдарламаның ажырамас бөлігі болып табылады.
Дене шынықтыру мен спорт «жұмсақ дағдылар» деп аталатын дағдыларды дамытуға көмектеседі:
- сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылық, қарым-қатынас және ынтымақтастық;
- мінезді тәрбиелеу (табандылық, төзімділік, икемділік, жеке өсу құндылықтары);
- азаматтық сауаттылық (ынтымақ сезімі, әлеуметтік өзара әрекеттестік, әділ ойын және басқаларды құрметтеу принциптері).
Студенттердің дене шынықтырумен және қызығушылық танытқан спорт түрлерімен айналысуына барлық жағдай жасалған: волейбол, футзал, баскетбол, таэквондо, қазақ күресі, дзюдо, фитнес, армрестлинг, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ. Университетте стадион, футбол алаңы, жабық футбол алаңы, воркаут аймағы, тренажер залы, фитнес залы, үстел теннисі, күрес залы бар.
Спортта дарынды студенттер өздерінің спорттық жетістіктерін арттыруға мүмкіндік алады. Университет Басқармасының қолдауымен спортшы-студенттер қалалық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысады.
Кафедра жұмысының нәтижесі көптеген спорт түрлері бойынша әлем және Қазақстан Республикасының чемпиондарын және Қазақстан Республикасы Универсиадасының жүлдегерлерін дайындау болды:
- 2001 ж. ҚР I Жазғы Универсиадасында қазақ күресінен құрама команда чемпион атанды;
- 2003 ж. ҚР II Жазғы Универсиадасында боксшылар командасы мен ерлер волейбол командасы I-орынды иеленді;
- 2005 ж. ҚР III Жазғы Универсиадасында жағажай волейбол командасы мен боксшылар командасы I-ші орынды иеленді;
- 2007 ж. ҚР IV жазғы Универсиадасында волейболдан ерлер құрама командасы және жағажай волейболынан ерлер құрама командасы чемпион атанды;
- 2007 ж. ҚР I Қысқы Универсиадасында ерлер құрама командасы баскетболдан III-ші орынға ие болды, қыздар командасы мини-футболдан II-ші орынға ие болды;
- 2009 ж. ҚР V жазғы Универсиадасында университет құрама командасы чемпион атанды, ал волейболдан ерлер құрама командасы күміс жүлдегер атанды;
- 2011 ж. ҚР VI жазғы Универсиадада университеттің ерлер құрама командасы волейболдан чемпион атанды;
- 2013 ж. VII жазғы Универсиадасында ерлер құрама командасы волейболдан 1 орын алды;
- 2016 ж. VI Қысқы Универсиадада Қазақ ұлттық аграрлық университетінің командасы Универсиаданың жалпы есебі бойынша қола жүлдегер атанды.
- 2023 ж. Тәуелсіздік күніне арналған қазақ күресінен республикалық турнир. Нағашбай Асылхан 55 келі салмақта - II орын, Аманғазы Нұрасыл 74 келі салмақта - III орын.
- 2023 ж. Қ.Р.Байдосовты еске алуға арналған Алматы «XXVI Күрес фестивалі» ерлер арасындағы қазақ күресі. Университет командасы – III орын. Құрамы: Нағашбай Асылхан 60 келі, Жараров Ақәділ 70 келі, Әбдіраман Сұлтан 80 келі, Есенбай Ердос 90 келі.
- 2023 ж. Ханчжоудағы (Қытай) Жазғы Азия ойындары. Дарын Бейбітов – киберспорт бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі.
- 2024 ж. Самбодан Алматы чемпионаты Тәңірберген Арнұр 64 келі салмақта - 1 орын, Жахан Бекнұр +88 келі - III орын, Кенжебек Темірлан 88 кг - II орын.
Кафедрада жыл сайын спорт түрлері бойынша университет құрама командаларын жасақтауға:
- «Бірінші курс» спартакиадасын;
- университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасындағы «Денсаулық» спартакиадасын;
- студенттерге арналған факультетаралық спартакиаданы;
- күзгі және көктемгі кросстар өткізіп отырады.
Қазіргі уақытта кафедраның профессор -оқытушылар құрамында 1 педагогика ғылымдарының докторы, 2 педагогика ғылымдарының кандидаты, 1 доцент, 1 КСРО спорт шебері, 2 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 4 спорт шеберінің кандидаты бар.
Кафедра меңгерушісі п.ғ.к. Туякбаева Меруерт Шекеевна